2026 жылы өткен қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Ақтөбе облысының іріктеу жарысында Ойыл ауданының намысын екі палуан – Рахимов Амирбек пен Қазанғалиев Қуанышбек қорғады.
Дүбірлі додада Рахимов Амирбек жоғары шеберлік танытып, жеңімпаз атанып, тамыз айында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық кезеңіне жолдама жеңіп алды.
Ойыл ауданының абыройын асқақтатқан спортшымыз Рахимов Амирбекті шын жүректен құттықтаймыз! Алда өтетін республикалық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, ел сенімін ақтауына тілектеспіз!
👏 Жеңісің құтты болсын! Ақ жол, сәттілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1270149?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау