2025 жылғы 18 шілде: «Маңғыстауға саяхат» бағдарламасының кезекті шығарылымы Қызылкүп шатқалына арналды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Маңғыстауға саяхат» бағдарламасының кезекті шығарылымы Маңғыстаудың ең ерекше табиғи нысандарының бірі – Қызылкүп шатқалына арналды.

Қызылкүп шатқалы Марс ғаламшарының бедеріне ұқсас қайталанбас ландшафттарымен танымал. Түрлі-түсті шөгінді жыныстардан құралған табиғи нысанның ұзындығы шамамен 10 шақырымды, ал ені 8 шақырымды құрайды. Шатқал теңіз деңгейінен 268 метр биіктікте орналасқан.

Бағдарламада Қызылкүптің табиғи ерекшеліктері мен туристік әлеуеті таныстырылып, Маңғыстаудың бірегей геологиялық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269217?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version