2026 жылғы 5 тамызда Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраевтың төрағалығымен VIII шақырылымдағы XLVIII кезектен тыс сессияның екінші пленарлық отырысы өтті.
Отырыста «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Салтанат Қорабаеваның баяндамасы тыңдалды.
Отырыс барысында депутаттар өңірдің қаржылық және әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын екі негізгі құжатқа енгізілетін өзгерістерді қарап, бірауыздан мақұлдады.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын қайта бөлуге байланысты Екібастұз қаласының ауылдық округтері, ауылдары мен кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін нақтылау болды.
Сессияның екінші шешімімен Екібастұз қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған стратегиялық құжат 2027-2028 жылдары іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалармен толықтырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1269338?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау