Семинарды Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Г.Куркинбаева ашты. Семинар барысында «Саламатты мектеп» жобасын іске асыру алгоритмі және оны жұмыс барысында қолдану мәселелері бойынша Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы М.Рахметова баяндама жасады.
Семинар барысында өңірде «Саламатты мектеп» жобасын іске асырудың негізгі бағыттары, білім беру ұйымдарында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, мектептерде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, дұрыс тамақтануды, дене белсенділігін және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға жобаны іске асыру кезеңдері және аумақтық басқармалардың алдағы жұмыс жоспары бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1269687?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау