АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ
 
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштеріне құлақ түрді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, елді мекендердің ішкі жолдарының жай-күйі, әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.
 
Қабылдау барысында әрбір өтініш жан-жақты қаралып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.
 
Бірқатар мәселелер қабылдау барысында оң шешімін тапса, қосымша зерделеу мен тиісті рәсімдерді қажет ететін өтініштер арнайы хаттамаға енгізілді. Аудан әкімі олардың әрқайсысының орындалу барысын жеке бақылауында ұстайтынын айтып, тұрғындардың заңды талап-тілектерінің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1269791?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version