Аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив жиынында аудан әкімінің орынбасары кадрлық өзгерістерді таныстырды. «Сыр суы» филиалының Сырдария аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің басшысы болып Жақыпов Айтуар Жадырабайұлы тағайындалды.
Айтуар Жадырабайұлы 1989 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. «Болашақ» университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2012 жылы Тереңөзек кент әкімі аппаратында әдіскер болып бастап, Сырдария аудандық білім бөлімінде есепші, «Сыр суы» филиалы Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінде машинист-оператор қызметін атқарған. 2024 жылдан бастап Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінде инженер-механик қызметін атқарып келді.
Аудан әкімінің орынбасары жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, елді мекендерді сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауда ұстауды, су құбырлары мен инженерлік желілердің техникалық жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіп, тозығы жеткен учаскелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыруды, еңбек қауіпсіздігі қағидаларының қатаң сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1269241?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау