Елордада қалааралық автобус жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі мен есірткі қылмысының зардабы түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалааралық автобустардың жүргізушілері мен жолаушыларына жол жүрісі қағидаларын сақтау және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қалааралық автобустардың 15 жүргізушісі қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптары, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралын жүргізуге жол берілмейтіні, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін пайдалану және жол жүрісіне қатысушылардың бір-біріне өзара құрметпен қарауының маңыздылығы түсіндірілді.

Сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін, оның ішінде масаң күйде көлік құралын басқару, жылдамдықты арттыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ есірткі қылмыстарын жасаудың құқықтық салдары түсіндірілді.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы профилактикалық жұмысын жалғастырады.

#законипорядок #заңментәртіп

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1269767?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version