Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтитын ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.
2026 жылғы 27 шілдеден бастап жұмыс берушілерге хабарламаларды қалыптастыру кезінде еңбек шарттары туралы мәліметтер мен міндетті зейнетақы жарналары арасындағы сәйкессіздіктерді дұрыс есепке алу мақсатында жұмыскерлердің жұмыс орнында уақытша болмауының жаңа түрлерін тіркеу мүмкіндігі қолжетімді.
«Әлеуметтік демалыс» бөлімі «Демалыс/уақытша жұмыстан босатылу» болып өзгертілді. Енді бұл бөлімде әлеуметтік демалыстардан бөлек төмендегілерді тіркеуге болады:
— жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы;
— жұмыстан шеттету;
— әскери міндеттерді атқару кезеңіне және әскери жиындарға шақырылу кезеңіне еңбек міндеттерін орындаудан босату;
— мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқару кезеңіне еңбек міндеттерін орындаудан босату.
Сонымен қатар, еңбек шартын тіркеу кезінде «Жұмыспен қамту нысаны» анықтамалығына вахталық жұмыс режимі қосылды.
!!! Негізделген сәйкессіздіктерді болдырмау үшін HR Enbek порталында жұмыскерлер туралы мәліметтерді өзектендіріңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1268998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау