Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы С.С. Оразбеков өндірістік жарақаттану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өндірістегі әрбір жазатайым оқиға – алдын алуға болатын тәуекел.
Еңбекті қорғау талаптарын сақтау және әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету өндірістік жазатайым оқиғаларды азайтуға, жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны төмендету мақсатында Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті төмендегілерді талап етеді:
Біріншіден, жұмыскерді жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін және ол Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) міндетті түрде тіркелгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Ресми түрде рәсімделген еңбек қатынастары жұмыскердің құқықтарының қорғалуына кепілдік береді. Өндірістегі жазатайым оқиға орын алған жағдайда бұл оған әлеуметтік қорғауға, оның ішінде қажетті ем алуға, келтірілген зиянның өтелуіне, сақтандыру төлемдерін алуға және заңнамада көзделген өзге де кепілдіктерге құқық береді.
Сонымен қатар, ресми түрде жұмысқа қабылданған жұмыскер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндетті рәсімдерден өтеді. Олардың қатарына оқыту, нұсқамалардан өту, білімін тексеру және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу кіреді. Осы талаптардың орындалуы өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың туындау қаупін төмендетуге ықпал етеді.
Екіншіден, жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету қажет.
Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеті сақтандыру ұйымына жүктеледі.
Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кіріспе нұсқаманы, жұмыс орнындағы алғашқы (қайталама) нұсқаманы, жұмыскерлерді оқытуды және олардың білімін тексеруді тек журналдарға қол қойдырумен ғана шектелмей, сапалы әрі толық көлемде жүргізу қажет. Бұл ретте қауіпсіздік талаптарын, өндірістегі тәуекелдерді, жұмысты қауіпсіз орындау тәсілдері мен әдістерін түсіндіріп, жұмыскерлердің алған білімін нақты меңгергенін міндетті түрде тексеру қажет.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, оған жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына тұрақты ішкі бақылау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторларды уақтылы анықтап, жоюға, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын болдырмауға және профилактикалық шаралар қабылдауға қажетті өкілеттіктер беру қажет.
Жұмыскерлердің еңбек қызметі барысында міндетті мерзімдік медициналық тексерулерден, сондай-ақ жұмыс ауысымы алдындағы медициналық куәландырудан уақытылы өтуін ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстарды орындауға медициналық қарсы көрсетілімдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Зиянды, қауіпті және (немесе) ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сертификатталған жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, жеке қорғаныш құралдарының дұрыс қолданылуына тұрақты бақылау ұйымдастырып, қажетті қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жұмыскерлерді жұмысқа жібермеу керек.
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау үшін еңбек жағдайларын бағалауды жүргізіп, оның нәтижелері бойынша еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін жою немесе азайту, сондай-ақ жұмыскерлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, іске асыру қажет.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 180-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек қауіпсіздігіне салынған инвестициялар – бұл заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың, өндірістік тәуекелдерді азайтудың және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.
Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау – әрбір жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі әрі оның жеке жауапкершілігі.
Осыған байланысты барлық жұмыс берушілерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін тиісінше ұйымдастыруға, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мен әрбір жұмыскердің денсаулығын сақтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамыз.

Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз: https://www.instagram.com/reel/Dbsdp9Os2kg/?igsh=MTZ5Mm10M2ZiNXdlbw== 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1270130?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version