ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САПАСЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру ұйымдарындағы сапаны бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету және білім алушылардың жетістіктерін бағалау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент басшысы Мәди Бекмағанбетов мәлімдеді.
Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы білім беру ұйымдарынан 34 өтініш қабылданған. Оның 26-сы лицензия және лицензияға қосымша алуға, 8-і қайта рәсімдеуге қатысты. Нәтижесінде 24 өтініш қанағаттандырылды. Сонымен қатар 8 лицензия мен лицензияға қосымша қайта рәсімделіп, 5 маусымдық лагерь лицензия алды.
“Білім туралы құжаттарды халықаралық деңгейде қолдануға мүмкіндік беретін апостильдеу қызметі бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілді. Алты айда 48 өтініш түсіп, оның 38-і бойынша құжаттар апостильденді. Білім беру ұйымдарының талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында мемлекеттік аттестаттау жұмыстары да жалғасты. Қаңтар айында 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымы аттестаттаудан өтіп, оның төртеуі талаптарға сәйкес деп танылды. Мамыр айынан бастап аттестаттау жаңа форматта жүргізіліп, 22 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым қамтылды. Оның 9-ы мемлекеттік аттестаттаудан өтті, ал 13 ұйымға анықталған кемшіліктерді заңнама талаптарына сәйкестендіру үшін үш айға дейін мерзім берілді” – деді спикер.
Сондай-ақ білім беруді басқару органдарына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында екі білім бөліміне жоспарлы тексеру ұйымдастырылды.
«Оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған маңызды шаралардың бірі білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу болды. 30 сәуір мен 20 мамыр аралығында облыстың 88 жалпы орта білім беру ұйымында жүргізілген зерттеуге 5710 оқушы қатысты. Департамент мамандары мониторингке министрліктің уәкілетті өкілдері ретінде қатысты.
Сонымен бірге жыл басынан бері 23 жалпы орта білім беру ұйымында мектепішілік бақылау бойынша мониторинг жүргізілді. Білім сапасын қамтамасыз ету тек бақылау жүргізумен шектелмейді. Басты мақсатымыз білім беру ұйымдарындағы анықталған кемшіліктерді дер кезінде көрсетіп, оларды жоюға ықпал ету арқылы сапалы білім беруге жағдай жасау. Алдағы кезеңде де білім сапасын бағалау мен бақылаудың тиімділігін арттыруға басымдық береміз», – деді Мәди Бауыржанұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
 
https://www.facebook.com/share/p/1DQabf1gfR/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1269824?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version