Оралда қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңі өз бастауын алды.
Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Дәстүрлі додаға облыстың барлық аудандары мен Орал қаласынан келген 23 балуан қатысып, «Жайық Барысы» атағын сарапқа салады.
Салтанатты іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов, «Жайық Арена» спорт кешенінің директоры Артур Шерғалиев және Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі федерациясының президенті Әсет Сұлтанұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, тартысты әрі әділ белдесулерге ақ жол тіледі.
Облыстық іріктеуде жеңіске жеткен балуан 15 тамыз күні Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.
Биылғы жарысқа ел, өңір және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген облыстың үздік балуандары қатысуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1269616?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау