Кеңес барысында көше жарықтандыруының жұмысы, автомобиль жолдары мен тротуарлардың жай-күйі, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, қоқыс алаңдарының жағдайы, сондай-ақ қала аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтау мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге анықталған кемшіліктерді жедел жою және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Қаланы абаттандыру, санитариялық тазалығын сақтау және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhkh-shahtinsk/press/news/details/1269478?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау