Астана, 2026 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Румынияның Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Оана Цойумен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан-Румыния ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға өзара мүдделілігін растады.
Екіжақты қатынастар үшін стратегиялық маңызы бар энергетикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар Қазақстан мұнайының халықаралық нарықтарға экспортын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) айналасындағы ахуал да талқыланды. Тараптар энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуінің және еуропалық нарыққа көмірсутектердің сенімді жеткізілуін қамтамасыз етудің стратегиялық маңызын атап өтіп, КҚК инфрақұрылымының жұмысына және энергетикалық жеткізілімдердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетті айыптады.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Румынияның энергетика саласындағы практикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, сондай-ақ қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерінің орнықтылығын нығайтуға өзара мүдделілігін атап өтті.
Сұхбат соңында О.Цойу Е.Көшербаевты Румынияға ресми сапармен келуге шақырып, тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және жоғары деңгейдегі байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270165?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау