Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Тамыз 6, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Қазақстанда ЖЭК электр энергиясын өндіру бойынша көрсеткіш асыра орындалды

Жарияланды:

06/08/2026 17:00

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін 1,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі саланы дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 8,6 млрд кВт·сағатқа жетіп, бұл еліміздегі электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінің 7%-ын құрады.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2022 жылы ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,11 млрд кВт·сағатты құраса, оның елдің жалпы энергия теңгеріміндегі үлесі 4,5% деңгейінде болды.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы белгіленген межеден асыра орындалды: жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

Қол жеткізілген нәтижелер «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды. Өсімнің негізгі факторлары қатарында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтарды өткізу, салаға инвестициялар тарту, сондай-ақ жаңартылатын энергетика объектілерін пайдалануға беру бар.

2025 жылы жалпы қуаты 503,5 МВт болатын 9 жаңартылатын энергия көзі нысаны пайдалануға берілді. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 4 жел электр станциясын, 5 күн электр станциясын және 1 су электр станциясын пайдалануға беру көзделген.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1270005?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Дроппер болу – жұмыс та емес, оңай табыс та емес.
Next: Заңға құрмет – елге құрмет! Тәртіпке бағынған қоғамның болашағы жарқын!→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version