«Қостанай дала фестивалі» агрофестивалінде Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерге сапалы өнімді жасап қана қоймай, оны құқықтық тұрғыдан қорғаудың да маңызды екенін еске салды. Көшпелі ақпараттық топтың жұмысы аясында мамандар фестиваль қатысушыларына тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді уақытылы тіркеудің маңыздылығы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлерге зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге қатысты негізгі мәліметтер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жеке консультациялар берілді. Зияткерлік меншік – бизнестің маңызды әрі құнды активі. Өз идеяларыңызды, брендтеріңізді және өнімдеріңізді қорғаңыз, сонда кәсібіңізді сенімді түрде дамыта аласыз!
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1269697?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау