САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ауданға қарасты бірқатар елді мекендерде медициналық нысандар мен ветеринариялық бекеттердің құрылысы жүргізілуде.

Осы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне барып, салынып жатқан медициналық нысан мен ветеринариялық бекеттің құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аудан басшысы нысандардағы құрылыс жұмыстарының сапасына, орындалу мерзіміне және белгіленген талаптардың сақталуына назар аударды. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп, нысандарды сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар аудан әкімі әлеуметтік маңызы жоғары бұл жобалардың елді мекен тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарының әрбір кезеңі сапалы орындалып, қолданыстағы талаптарға толық сәйкес болуы қажеттігін айтты.

Қазіргі таңда Ақжар елді мекеніндегі медициналық нысан ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді тарту, электр жүйелерін орнату және ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал ветеринариялық бекет ғимаратында ішкі әрлеу және ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылуда.

Аталған нысандар толық аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындары заманауи талаптарға сай медициналық және ветеринариялық қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1269042?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version