ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған тағы 40 отбасы қоныс тойын тойлады. Жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.

 Баспанаға көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.

 Пәтерлер Бозарық шағынауданындағы жаңа үйлерде орналасқан. Көп қабатты үйлер қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкес пайдалануға беріліп, қажет инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

 Пәтер кілттерін табыстау – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды іске асырудың тағы бір кезеңі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1270031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version