«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында Жастар аллеясындағы орындықтар сырланып, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, айналаны көркейту бағытындағы жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша өткен сенбілікке 730-дан астам тұрғын қатысып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сенбілік барысында аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы сөз сөйлеп, қоршаған ортаның тазалығы – өңірдің келбеті мен тұрғындардың мәдениетінің айқын көрсеткіші екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мұндай игі бастамалардың аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасып, әрбір тұрғынның туған жерге жанашырлықпен қарауы маңызды екенін жеткізді. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршамыздың ортақ парызымыз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1269815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version