Түпқараған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған және қорғау нұсқамасы бойынша профилактикалық есепте тұрған азаматтармен профилактикалық кабинетте кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қорғау нұсқамасының талаптарын қатаң сақтау, заң талаптарын бұзудың салдары мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қатысушыларға отбасындағы өзара сыйластықты сақтау, жанжалдардың алдын алу және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығы айтылды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1269226?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау