Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 6 тамыз күні Тараз қаласында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинарға Тараз қаласының «Әулиеата» ауданында орналасқан сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Оқыту барысында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер, дауыс беру тәртібі, комиссия мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі, сондай-ақ байқаушылармен және сенім білдірілген адамдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылардың білімін бекіту мақсатында викториналық сұрақтар негізінде телешоу форматындағы танымдық ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.
Мұндай оқыту іс-шаралары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіруге, сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1270122?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version