Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақты дамуының басты кепілі

Қазақстан Республикасында заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Заңның үстемдігі сақталған қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, қоғамдық келісім мен тұрақтылық нығая түседі. Сондықтан әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы – қауіпсіз әрі дамыған қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы екендігі айқын көрсетілген. Осы қағидаттарды жүзеге асыру үшін елімізде құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу – мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның, қоғамдық ұйымдардың және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәдениеті ең алдымен заңды құрметтеуден, қоғамдық тәртіпті сақтаудан және өзгелердің құқықтарына құрметпен қараудан басталады.

Күнделікті өмірде заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау қарапайым әрекеттерден көрінеді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық таныту, мемлекеттік және жеке меншікке ұқыпты қарау, қоршаған ортаны қорғау, салықтарды уақытылы төлеу және заң талаптарын орындау – жауапты азаматтың міндеті.

Қазіргі таңда интернет-алаяқтық, киберқылмыс, тұрмыстық құқық бұзушылықтар, қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу ерекше маңызға ие. Бұл бағытта құқық қорғау органдары түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Дегенмен құқық бұзушылықтың алдын алуда әр азаматтың қырағылығы мен жауапкершілігі шешуші рөл атқарады.

Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру да маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Заңды білетін, өз құқықтары мен міндеттерін түсінетін жас ұрпақ қоғамның тұрақты дамуына үлес қосады. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбиеге ерекше көңіл бөлініп келеді.

Заң мен тәртіп – тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылығы. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосқанда ғана қауіпсіз, әділетті және дамыған мемлекет құруға болады.

Барша тұрғындарды Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтың кез келген түріне төзбеушілік танытуға және құқықтық мәдениетті арттыруға шақырамыз. Заңға құрмет – елге құрмет, ал тәртіп – қоғамның өркендеуінің кепілі.

Важным направлением остается повышение правовой грамотности молодежи. Молодые люди, знающие свои права и обязанности и уважающие закон, становятся надежной основой развития государства. Поэтому в образовательных организациях особое внимание уделяется вопросам правового воспитания.

Закон и порядок являются общей ценностью всего общества. Только совместными усилиями государства и граждан можно обеспечить безопасность, стабильность и благополучие нашей страны.

Призываем всех жителей соблюдать законодательство Республики Казахстан, уважать права окружающих, проявлять активную гражданскую позицию и вместе укреплять законность и общественный порядок. Уважение к закону – это уважение к своей стране и ее будущему.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shubar/press/news/details/1269851?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version