«Заң және тәртіп» идеологиясы: Өскелең ұрпақтың санасына құқықтық мәдениетті сіңіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамды түбегейлі өзгерту үшін тек жазалау шараларын күшейту жеткіліксіз, ең бастысы — сананы өзгерту қажет. Өскелең ұрпақтың бойында жастайынан құқықтық мәдениетті, заңға деген құрметті қалыптастыру — ұлттың болашағын айқындайтын маңызды қадам. Заң мен тәртіпті сақтау әрбір азаматтың ішкі мәдениетіне айналуы тиіс.

Отбасы және мектептің рөлі

Құқықтық тәрбие отбасынан басталады. Балалар кішкентайынан жақсы мен жаманды, заңды мен заңсызды ажырата білуі керек. Ал мектеп қабырғасында оқушыларға Конституцияның негіздері, өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылық сабақтары жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Тәртіпті бала болашақта жауапты азамат болып өседі.

Қоғамдық сана және жауапкершілік

«Заң бұзу — әдепсіздік» деген түсінікті қоғамдық санаға сіңіру маңызды. Қоғамдағы вандализм, ұсақ бұзақылық, қоршаған ортаны ластау немесе басқа да заңға қайшы әрекеттерге деген төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру керек. Әрбір азамат өз әрекеті үшін қоғам алдында да, заң алдында да жауапты екенін сезінгенде ғана нағыз тәртіп орнайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kyzylzhar/press/news/details/1270051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version