ХХІ ғасырдағы жаһандану мен цифрландыру дәуірі адамзатқа үлкен мүмкіндіктермен қатар жаңа қатерлерді де ала келді. Бүгінгі таңда заң мен тәртіп тек шынайы өмірде ғана емес, виртуалды кеңістікте, яғни интернет пен киберкеңістікте де қатаң сақталуы тиіс. Цифрлық гигиена мен интернет алаяқтыққа қарсы күрес — заман талабы.
Киберқылмыс және цифрлық заңдылық
Интернеттің дамуымен бірге алаяқтық, жеке деректерді ұрлау, жалған ақпарат тарату және кибербуллинг сияқты заң бұзушылықтар көбейді. Виртуалды әлем де заңсыздық алаңы болмауы тиіс. Мемлекет киберқауіпсіздікті күшейтіп, интернеттегі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы азаматтардың құқықтарын қорғауға міндетті.
Ақпараттық мәдениет және жауапкершілік
Әлеуметтік желілерде жарияланатын әрбір пікір, таратылатын ақпарат заң шеңберінде болуы қажет. Жалған ақпарат таратып, өзгелердің ар-намысына тию немесе ұлттық алауыздықты қоздыру заңмен қатаң жазаланады. Цифрлық кеңістікте де тәртіптің сақталуы — тұтас қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kyzylzhar/press/news/details/1270057?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау