«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 5 тамызда  «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл конкурсты ұйымдастырудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету,  мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытып жүрген азаматтарды  қолдау және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандардың жауапкершілігін арттыру болды.

Аталған конкурсқа өңіріміздің белсенді азаматтары, тіл жанашырлары және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандар қатысты. Конкурсқа қатысушылар тарапынан ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 500-ден астам деректемелер мен көрнекілер бойынша ақпараттар ұсынылды. Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды тіл ғалымдары мен тілшілерден тұратын қазылар алқасының құрамы зерделеп, конкурс ережесіне сәйкес келетін 13 жұмыс іріктеліп алынды.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынға Нургалиева Замзагүл (Павлодар қ.), ІІ орынға Ибрагимов Сакен (Успен а.), ІІІ орынға Касымова Камила (Павлодар қ.) лайықты деп танылды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-archive/press/news/details/1269220?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version