Бүгін Жылыой ауданында «Жастар – жаңашылдықтың бастауы» облыстық жастар форумы және Жастар орталығы ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ауқымды іс-шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов, аудан басшылығы, облыстың аудан-қалаларынан келген делегаттар мен 100-ге жуық белсенді жас қатысты.
Форум аясында ауданның жас кәсіпкерлерінің қолөнер бұйымдары мен өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі жәрмеңкені аралап көріп, жас кәсіпкерлердің бастамаларына сәттілік тілеп, олардың еңбегіне қолдау білдірді.
«Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан сіздердің білімдеріңіз, жігерлеріңіз, жаңашыл идеяларыңыз бен азаматтық белсенділіктеріңіз ауданымыздың және еліміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдімін»,- деді аудан басшысы
Форумның пленарлық отырысында аудан әкімі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттап, өзге аудан-қалалардан келген делегаттарға Алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген жастар да марапатталды.
Жиын барысында спикерлер жастар саясаты, еріктілік, шетелде білім алу, жеке даму және көшбасшылық бағыттары бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум соңында қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Іс-шара өзара пікір алмасумен қорытындыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1269268?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау