🌿 АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ – ӘРБІРІМІЗДІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кезекті таза бейсенбілік өтті.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері ауыл аумағын күл-қоқыстан тазартып, қоғамдық орындардың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Таза әрі көрікті ауыл – әр тұрғынның жауапкершілігі. Табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ парызымыз.
Бірге еңбек етіп, ауылымызды одан әрі көркейтуге атсалысайық!
🌱 #ТазаҚазақстан #TazaChallenge #Экология #ЧистаяСтрана @eTazaQazaqstan
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1270376?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау