1–12 маусым аралығында Қазақстанда «Балалар еңбегіне қатысты құқық бұзушылықтарға қарсы 12 күн”республикалық ақпараттық науқаны өтуде.
Науқан аясында Қарағанды облысының “Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы” , Облыстық комиссия мүшелері,Қазыбек би аудан атындағы әкім аппаратының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және ювеналдық полиция қызметкерлері «Шығыс» базарында профилактикалық рейд жүргізді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мониторинг кезінде жасөспірімдерді ауыр еңбекке тарту фактілері анықталған жоқ. Алайда қоғамдық тамақтану орындарының бірінде 16 жастағы қыздың ресми еңбек шартысыз жұмыс істеп жүргені анықталып, жұмыс берушіге заң талаптары түсіндірілді.
Еске саламыз: жасөспірімдердің еңбегі қауіпсіз әрі заң аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Ресми еңбек шарты
Жұмыс уақыты нормаларын сақтау
Ауыр және қауіпті жұмыстарға жол бермеу
Қауіпсіз еңбек жағдайлары
Қауіпсіз және бақытты балалық шақ – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-karaganda/press/news/details/1270401?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау