Құрметті ата-аналар! 2026–2027 оқу жылындағы міндетті мектеп формасы туралы
Жаңа оқу жылы қарсаңында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды еске саламыз.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес болуы, классикалық стильде және бірыңғай түстер үйлесімінде орындалуы тиіс. Үш түстен артық емес, ашық емес, бірқалыпты түстерді үйлестіруге рұқсат етіледі.
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, мерекелік және күнделікті жейде, сондай-ақ трикотаж кофта немесе кардиган, поло жейдесі немесе тенниска кіреді. Қысқы кезеңде трикотаж жилет пен водолазка киюге болады.
Қыз балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, сондай-ақ трикотаж кофта немесе кардиган, поло жейдесі немесе тенниска кіреді. Қысқы кезеңде трикотаж жилет, сарафан және водолазка киюге болады.
Спорттық форма спорттық костюмнен, футболкадан және спорттық аяқ киімнен тұрады.
Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайларды, оқу сабақтарының өткізілетін орнын және оқу бөлмелеріндегі температуралық режимді ескере отырып жүзеге асырылады.
Ата-аналар мектеп формасын өндірушіні және оны сатып алу орнын өздері таңдайтынына назар аударамыз. Білім беруді басқару органдары тарапынан жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді.
Мектеп формасының үлгісін таңдау мәселелері ата-аналардың, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен талқыланып, белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды жаңа оқу жылына дайындау барысында өз мектебіңізде белгіленген мектеп формасына қойылатын талаптармен алдын ала танысуларыңызды сұраймыз.
Барша оқушыларға жаңа 2026–2027 оқу жылында табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1270531?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау