«2026 жылдың I –ші жартыжылдығында Астана қаласында жүргізілген бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары».

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«2026 жылдың I –ші жартыжылдығында Астана қаласында жүргізілген бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары»

   2026 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Астана қаласынының кәсіпкерлік палатасы базасында ірі және ұсақ кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың қатысуымен ішкі нарықты контрафактілі, қауіпсіз емес өнімдерден қорғау мәселелері бойынша Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және өнімдерді таңбалау департаменті, «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесі өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілді.  

    Палатаның «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесінің  кезекті отырысының күн тәртібіне сәйкес, «2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары және қауіпсіздік талаптарын бұза отырып өткізілетін өнімдердің айналымына жол бермеу жөніндегі шаралар» туралы Департамент басшысының орынбасары Мухамғали Каиржанұлы Арыспаев кіріспе сөзін сөйлеп, ары қарай Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Асем Дауленқызы Саякова жалғастырды.

     Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізу, сондай-ақ міндетті талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің айналымының алдын алуды бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары туралы ақпарат кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндірілді.

     Отырыс барысында өзекті мәселелер қозғалып, мемлекеттік орган өкілдерімен заңнама талаптарын қолданудың практикалық аспектілерін талқыланып, сондай-ақ сұрақтарға  толыққанды жауап берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1270229?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version