Ауаға оқ атудың соңы қамаумен аяқталды: Шымкентте құқық бұзушы жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте «102» арнасына Жайлау шағынауданында Toyota автокөлігінде болған белгісіз тұлғалардың ауаға оқ атқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жүргізілген тексеру барысында құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Тексеру нәтижесінде азаматқа қатысты қоғамдық тәртіпті бұзу және заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, іс мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды.

Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынып, 8 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1270776?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version