«Аула чемпионаты» – бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жоба

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Аула чемпионаты» – Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулуға және аула спортын жандандыруға бағытталған ауқымды жоба.

Жоба аясында қаланың барлық ауданында спорттық жарыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып келеді. Әрбір аулада өтетін сайыстар тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың спортпен тұрақты түрде айналысуына мүмкіндік беруде.

«Аула чемпионаты» – тек жеңімпаздарды анықтайтын жарыс қана емес. Бұл – аула тұрғындарын ортақ мақсатқа біріктіретін, достық пен ұйымшылдықты нығайтатын, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайтын маңызды бастама.

Қазіргі таңда чемпионат өз жалғасын тауып, қатысушылар спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынауда. Алдағы кезеңдерде тартысты кездесулер жалғасып, үздік өнер көрсеткен командалар мен спортшылар келесі кезеңге жолдама алады.

«Аула чемпионаты» – әр ауладан жаңа таланттардың танылуына, бұқаралық спорттың дамуына және қоғамда спорт мәдениетінің қалыптасуына өз үлесін қосып келе жатқан маңызды жоба.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1270931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version