«Балалық шақ қауіпсіздігі мектебі» пилоттық жобасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Балалық шақ қауіпсіздігі мектебі» пилоттық жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бастау алды.

Жоба «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігімен Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жобаның негізінде теория емес, тәжірибе жатыр. 1–7 сынып оқушыларына арналған тұрақты интерактивті тренингтер барысында балалар үйде, мектепте, көшеде, интернетте қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын меңгеріп, төтенше жағдайларда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдерін үйренеді.

1-модуль. «Қауіпті ересек адам»
Қауіпті ересек адамның мінез-құлқын тану, жеке шекарасын сақтай білу, «жоқ» деп айту және дер кезінде көмек сұрау дағдыларын қалыптастыру.

2-модуль. «Мен жалғызбын / Мен көшедемін»
Бала үйде жалғыз қалған кезде, адасып кеткенде немесе ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда қауіпсіз әрекет ету ережелері.

3-модуль. «Үйдегі қауіпсіздік»
Тұрмыстық қауіптердің алдын алу, өрт, газдың шығуы, электр құралдарының ақауы және басқа да төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары.

4-модуль. «Қауіпсіз интернет»
Цифрлық қауіпсіздік негіздері: жеке деректерді қорғау, интернетте қауіпсіз қарым-қатынас жасау, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу.

5-модуль. «Мен қауіпті жағдайдамын»
Әртүрлі қауіпті жағдайларда әрекет ету алгоритмдері, сабыр сақтай білу, дұрыс шешім қабылдау және дер кезінде көмекке жүгіну дағдылары.

Баланың қауіпсіздік ережелерін жай ғана білуі жеткіліксіз. Ең бастысы – оларды өмірде ешкімнің көмегінсіз дұрыс қолдана білуі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-karaganda/press/news/details/1270406?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version