Балқаш көліндегі демалушылардың қауіпсіздігі – ТЖД қызметкерлерінің басты назарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Балқаш көлінің жағалауында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер өткізуде. Іс-шаралар барысында демалушылар мен шағын көлемді кемелердің иелерінің қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше назар аударылуда.

    Рейд барысында құтқарушылар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Азаматтарға тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу, суға шығар кезде құтқару кеудешелерін пайдалану, алкогольдік масаң күйде суға түспеу және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілуде.

   Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері шағын көлемді кемелердің иелерімен профилактикалық әңгімелесулер өткізіп, кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарын, құтқару құралдарын қолдану тәртібін және қолданыстағы жүзу қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндіруде.

   Профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жалғасуда және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1270867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version