2026 жылғы 5 тамызда Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Егембердиев Нартай Әлібекұлы басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлайтын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін азаматтарға заңнамада көзделген еңбек кепілдіктерін іске асыру кезінде туындауы мүмкін құқықтық, ұйымдастырушылық және практикалық мәселелер түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге құқық бұзушылықтар туралы хабарлайтын адамдарды қорғау институтына қатысты жүргізілетін жасырын сауалнама туралы ақпарат беріліп, аталған сауалнамаға қатысу қажеттігі ескертілді.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтар туралы хабарлайтын адамдарды қорғау тетіктері жөнінде ақпараттандыру болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1270287?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау