«Ғасырлармен үндес шығарма»: ШҚО ПД-да «Абай жолы» роман-эпопеясы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ғасырлармен үндес шығарма»: ШҚО ПД-да «Абай жолы» роман-эпопеясы талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Абай күніне орай «Ғасырлармен үндес шығарма» атты әдеби кездесу өтті. Іс-шара қазақ әдебиетінің жауһары саналатын Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына арналды. Халықтың тарихы мен тағдырын, салт-дәстүрі мен рухани әлемін терең бейнелеген бұл шығарма ұлттық әдеби мұраның баға жетпес бөлігі болып табылады.

Кездесу барысында қызметкерлер романның дүниеге келу тарихымен танысып, Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын, сондай-ақ туындының терең философиялық мазмұнын талқылады. Әділдік, білімге ұмтылу, адамды құрметтеу және қоғам алдындағы жауапкершілік секілді маңызды құндылықтарға ерекше назар аударылды.

Әдеби бөлімнің жалғасы ретінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «сұрақ-жауап» форматындағы викторина ұйымдастырылды. Өз білімін жоғары деңгейде көрсеткен қызметкерлерге Абайдың «Қара сөздері» жинағы табысталды. Кездесудің мазмұнын дәстүрлі ән орындаушы Дәулет Кабдоллаевтың Абайдың «Сегіз аяқ» шығармасын орындауы айрықша толықтырды.

Абай мұрасында көрініс тапқан рухани құндылықтар бүгінгі күні де өзектілігін сақтап келеді. Адалдық, парызға беріктік, үнемі дамуға ұмтылу және адамға құрметпен қарау қағидалары ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметімен де үндеседі.

Мұндай тағылымды іс-шаралар жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Олар қызметкерлердің мәдени ой-өрісін кеңейтіп, рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайтуға және Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен әдеби мұрасына деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1270327?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version