Шымкент қаласында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған екі шетел азаматын анықтады.
Шымкент станциясында «Алматы–Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызынан Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының болу қағидаларын бұзған Үндістан Республикасының 26 және 41 жастағы екі азаматы акті негізінде пойыздан түсірілді. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, іс Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.
«Сот шешімімен екі азамат та кінәлі деп танылып, ҚР аумағынан тысқары шығарылды. Сонымен қатар оларға еліміздің аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды, – деді полиция полковнигі.
Мұндай заң бұзушылықтарды көлік полицейлері тұрақты түрде анықтап келеді. Жыл басынан бері Көліктегі ПД көші-қон қызметі 2265 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 1863 азамат Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған. Соттардың шешімімен 570 құқық бұзушы ел аумағынан шығарылды.
Көлікт полицейлері шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Ел аумағында болу қағидаларын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығару және елімізге қайта кіруге тыйым салу шаралары қолданылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1270870?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау