Маңғыстау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен алкогольсіз сусындар, минералды және өзге де бөтелкедегі су өндіретін зауыт салып жатқан «AlekaSu» ЖШС-ның құқығын қорғады.
Инвестициялық жобаның құны – 1,3 млрд теңге. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін сағатына 6 мың бөтелкеге дейін өнім шығаратын өндірістік желіні іс кеқосу және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
Тексеру барысында суды тұщыландыру жөніндегі шартты жасасу кезінде коммуналдық кәсіпорынның инвестордан қолданыстағы заңнамада көзделмеген құжаттарды заңсыз талап еткені анықталды. Соның салдарынан шартжасасу рәсімі негізсіз созылып, инвестициялық жобаның іске асырылуына кедергі келтірілген.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, инвестормен қажетті шарт жасалды. Бұл инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға және зауыт құрылысына дайындық жұмыстарын уақтылы бастауға мүмкіндік берді.
Прокуратура органдары әкімшілік кедергілерді жою және инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.
Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының өзге де бұзылуына тап болған инвесторларды инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа +7 (701) 333-13-12 телефоны арқылы, сондай-ақ 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1270595?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау