Президент тапсырмасымен Түркістан облысында Достық үйі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде Достық үйлерінің саны артып келеді. Жаңа Достық үйі Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ашылды. Нысан қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды орталықтардың біріне айналмақ.

Ғимарат 300 орынға есептелген және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жалпы аумағы – 2 844,71 шаршы метр.

Достық үйінде қоғамдық, мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге барлық жағдай жасалған. Мұнда этномәдени бірлестіктердің жұмыс істеуіне, жастар бастамаларын дамытуға, азаматтық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға мүмкіндік бар.

Жаңа нысанның ашылуымен еліміздің өңірлеріндегі Достық үйлерінің саны 38-ге жетті. Достық үйлерінде этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары бас қосып, ел бірлігі мен татулығын бекемдеуге және мәдени әралуандықты дәріптеуге қызмет етеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1270521?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version