«ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ,КЕҢ ТАРАЛҒАН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫ БОЙЫНША АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Б.Пшановтың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
Отырысқа Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары А.Қаюпов қатысты.
Жиын барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Қордабай және комиссия мүшелері көтерген бірқатар сұрақтарға басқарма басшысының орынбасары жауап берді. Отырыс нәтижесінде тиісті қаулылар қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау