Талдықорған қаласының аумағында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері облыс прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында Ерекше назар белгіленген жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз маневр жасау, қауіпсіздік белдігін пайдалану, көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеу және балаларды қауіпсіз тасымалдау талаптарына аударылды.
Сонымен қатар жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.
Аталған профилактикалық іс-шара “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында өткізіліп, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды.
Полиция мен прокуратура өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1270495?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау