Қазақстанда Ұлттық жоба аясында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда.

Ұлттық жоба аясында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және салу, заманауи цифрлық әрі энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру көзделген. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде елдегі инженерлік желілердің тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Ұлттық жобаның жалпы инвестиция көлемі 13 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 6,2 трлн теңге энергетика секторын дамытуға, ал 6,8 трлн теңге коммуналдық секторға бағытталады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желісі бойынша шамамен 8 мың шақырым су құбыры және су бұру желілерін жаңғырту, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту бойынша 45 жобаны іске асыру көзделген.

Жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерін сүйемелдеу үшін «кілтті тапсыру» қағидаты (EPC-келісімшарттар) бойынша жұмыс істейтін және отандық өндірушілерді қолдауды көздейтін Бірыңғай электрондық платформа іске қосылды.

Бүгінгі таңда платформада сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жалпы құны 320 млрд теңгені құрайтын 112 жоба орналастырылған. Олар қазіргі уақытта келісу рәсімдерінің түрлі кезеңдерінде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/1270387?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version