Құрметті Ақмола облысы Бурабай ауданы Веденов ауылдық округі тұрғындары!
Ақмола облысының Бурабай ауданы Веденов ауылдық округі азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет»ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті азаматтар Бурабай ауданы Веденов ауылдық округі құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Веденовка ауылы, Кенесары хан көшесі, 1, сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін түскі ас сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-burabay-vedenovka/press/news/details/1270737?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау