Құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласында түсіндірме жұмысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹2026 жылғы 5 тамызда Алматы облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Қонаев қаласындағы концерттік іс-шара ұйымдастырушылар арасында авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын ұжымдық негізде басқару саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мейрамхана басшылары мен өкілдеріне музыкалық шығармаларды жария орындау кезінде авторлық және сабақтас құқық объектілерін пайдалануды реттейтін заңнама нормалары, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара барысында авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын сақтау, құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен тиісті шарттар жасасудың маңыздылығы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1270348?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version