Сырдария ауылының тұрғындары шаттыққа кенелді. «Түркістан мақта» ЖШС инвесторларының қолдауымен заманауи шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Жиында әкім мен төраға сырдариялықтарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, бұл игі іс өскелең ұрпақтың спортпен тұрақты айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ауылдың ардақты ақсақалы Оразбай Еркінбек қария ақ батасын беріп, жаңа нысанның ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етуіне тілектестік білдірді. Жаңа футбол алаңшасының лентасы салтанатты түрде қиылып, тұрғындар жаңа спорт нысанының игілігін көруге мүмкіндік алды.
Бұл жоба – «Түркістан мақта» ЖШС инвесторларының әлеуметтік жауапкершілігінің және ауылдың дамуына қосқан нақты үлесінің айқын көрінісі. Ауыл тұрғындары демеушілерге және жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен барша азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1270520?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау