Ұлттық кітапхананың мамандары сирек құжаттарды қалпына келтіру бойынша тәжірибе жинақтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасының базасында «Классикалық парақтық реставрация: жетілдірілген курс» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.

80 академиялық сағатқа созылған оқу бағдарламасы аясында қағаз негізіндегі тарихи және сирек құжаттарды сақтау және қалпына келтіру бойынша теориялық әрі практикалық сабақтар өткізілді.

Оқу барысында еліміздің мамандары кітапхана қорындағы материалдармен жұмыс істеудің заманауи технологияларын меңгеріп, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ мәдени мұраны сақтау бағытындағы Ресей мемлекеттік кітапханасының тәжірибесімен танысты.

Бағдарлама қорытындысында қатысушылар қорытынды аттестаттаудан өтіп, оларға біліктілігін арттырғаны туралы куәлік табысталды.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Ресей мемлекеттік кітапханасы арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың жалғасы болды. Бұл бастама сирек кітапхана қорларын қалпына келтіру және сақтау ісімен айналысатын мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1270950?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version