Жаңа өмірге бастар жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытша баспана ғана емес, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.

Осы жылдың қаңтар айында көпбалалы ана балаларымен бірге отбасылық жанжал салдарынан баспанасыз қалып, орталыққа орналастырылды. Алты ай ішінде отбасыға арнаулы әлеуметтік қызметтердің барлық түрі көрсетілді. Балалар мектеп пен балабақшаға орналастырылып, ана тұрақты жұмыспен қамтылды.

Орталық мамандарының жан-жақты қолдауының арқасында отбасының алдағы өміріне қажетті жағдайлар жасалды.

Бүгінде қызмет көрсету мерзімі аяқталып, отбасы Мәртөк ауданының Аққұдық ауылына жол тартуда. Мұнда ана мен балаларына тегін тұрғын үй беріліп, балалардың білім алуына жағдай жасалады, ал ана тұрақты жұмыспен қамтылады.

Бұл — орталық жұмысының басты нәтижесі: қиындыққа тап болған отбасыға пана беріп қана қоймай, оның өз алдына дербес өмір бастауына жол ашу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1270322?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version