САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Жібек жолы ауылдық округінде бой көтеріп жатқан жаңа өрт сөндіру бекеті.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мақсатында жұмыс қарқынын төмендетпей, барлық міндеттемелерді уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі таңда нысанда сыртқы қасбетті қаптау, ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен орындалуда.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің пайдалануға берілуі Жібек жолы ауылдық округі мен жақын маңдағы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, сондай-ақ тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1270992?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version