Әлеуметтік желі – жауапкершіліктен тыс кеңістік емес: Алматы полициясы екі блогерді әкімшілік қамауға алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желі – жауапкершіліктен тыс кеңістік емес: Алматы полициясы екі блогерді әкімшілік қамауға алды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерден әдепсіз сипаттағы бейнематериалдарды және тікелей эфир барысында балағат сөздер қолдану фактілерін анықтады.

Анықталған фактілер бойынша екі блогерге қатысты тиісті шаралар қабылданып, олар әкімшілік қамауға алынды.

«Тікелей эфирлер, стористер және бейнежазбалар – жария кеңістік. Әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған материалдары мен айтқан сөздері үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін, оның ішінде әкімшілік қамауға алу жазасы да қарастырылғанын түсінуі қажет», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Алматы полициясы блогерлерді, стримерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын қоғамдық тәртіп пен сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға, әдепсіз сипаттағы материалдарды таратпауға, сондай-ақ балағат және қорлау сөздерін қолданбауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1271050?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version