Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды.
Ақтық бәсекеде отандастарымыз Liga Pro Team командасын тартысты матчта 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.
🔥 Финалдың нәтижесі:
* Dust2 — 13:1 🇰🇿
* Neo Data — 1:13
* Nuke — 13:9 🇰🇿
Шешуші Nuke картасында Team KZ ойыншылары жоғары шеберлік пен мықты командалық үйлесімділік танытып, чемпиондық атақты өз еншісіне жазды.
🥇 Team KZ — чемпион!
🥈 Liga Pro Team
🥉 Minsk House
Жеңіспен бірге қазақстандық команда 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленді. Ал дисциплинаның жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1271069?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау