Ақадыр кентінде санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында көшелер мен қоғамдық орындардағы өскен шөптерді шабу және жинау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Атап айтқанда, Абай даңғылы, Ж. Қыздарбеков, М. Тұяқов және Тәуелсіз Қазақстан көшелерінің бойындағы шөптер шабылып, аумақтар ретке келтірілді.
Осы бағыттағы жұмыстар кент аумағында күнделікті жалғасын табатын болады.
Аталған жұмыстар кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, көркін арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Таза әрі көрікті кент – баршамызға ортақ міндет. Осыған орай, барлық тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсетуге шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1271816?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау